20.10
YANDEX
PARTY LIGHT
20.10 в 17:00 UTC+6
Инженерлер мен продактарға
арналған бейресми кездесу
Алматы
20.10
YANDEX
PARTY LIGHT
Hazbin, Алматы
20.10 в 17:00 UTC+6
Инженерлер мен продактарға
арналған бейресми кездесу
undefined
Яндекс — түрлі өнімге (Іздеуден геоқызметтерге дейін) озық ML технологияларын қолданатын, халықаралық технологиялық компания.
Яндекс Қазақстандағы офисін 2017 жылы ашты, ал қазір біз елдегі ірі IT компаниялардың қатарындамыз. Компаниямыз іздеу жүйелерін дамытып, әлемде миллиондаған адам қолданатын қызметтерді жасап шығарады.
Адамдар мен кәсіби байланыстар — маңызды
Party Light-қа — инженерлер мен продактарға арналған офлайн іс-шараға шақырамыз. Бұл — демалып, жаңа адамдармен танысып, тәжірибе алмасып, жұмыстан тыс тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін кездесу.
Демалысты жақсы әрі пайдалы өткізуді — Яндексте және басқа да компанияларда жұмыс істейтін спикерлердің сөзін тыңдауды, интерактив көрмені тамашалауды, жағымды музыка тыңдауды және авторлық коктейльдердің дәмін татуды ұсынамыз. Әрине, өзіңіз сияқты техноэнтузиастармен танысып, жаңа байланыс құратын мүмкіндігіңіз болады.
Бізге қосылыңыз, сізді күтеміз!
Қатысу тегін, бірақ тіркелуді бэкапқа жібермеңіз:
орындар саны шектеулі.
Адамдар мен кәсіби
байланыстар — маңызды
Party Light-қа — инженерлер мен продактарға арналған офлайн іс-шараға шақырамыз. Бұл — демалып, жаңа адамдармен танысып, тәжірибе алмасып, жұмыстан тыс тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін кездесу.
Демалысты жақсы әрі пайдалы өткізуді — Яндексте және басқа да компанияларда жұмыс істейтін спикерлердің сөзін тыңдауды, интерактив көрмені тамашалауды, жағымды музыка тыңдауды және авторлық коктейльдердің дәмін татуды ұсынамыз. Әрине, өзіңіз сияқты техноэнтузиастармен танысып, жаңа байланыс құратын мүмкіндігіңіз болады. Бізге қосылыңыз, сізді күтеміз!
Қатысу тегін, бірақ тіркелуді бэкапқа жібермеңіз: орындар саны шектеулі.
Сізді осылар күтеді:
17:00
Тіркелу
18:00
Ашылу салтанаты — Данияр Танаев, Артём Борисов
18:10
Қазақстандағы ең үздік іздеуді қайтіп жасаймыз — Виктор Сикора
Адамдар іздеуді қалыпты құрал ретінде қабылдай бастағанына біраз болды. Іздеу су секілді — оны өнім көретіндер аз болғанымен, сусыз өмір сүру мүмкін емес.
Баяндамасында Витя іздеу не екенін және іздеу жақсы екенін қайтіп анықтауға болатынын түсіндіреді. Сондай-ақ команда фокусты қайтіп анықтағанын, қандай құндылықтарға сүйенгенін және мұндай жобалардың басшылары нені бағалайтынын айтып береді.
18:35
Бәрі, қазақша және бірден: қазақ тіліндегі жылдам жауаптарды іске қосу туралы  — Салтанат Болатбекова
Баяндамасында жылдам жауаптармен таныстырып, оларың қалай жұмыс істейтіні, елдегі білім беруге қалай әсер ететіні және технологияны қазақ тілінде іске қосу барысында туындаған қиындықтар туралы айтып береді.
19:00
Алиса бірнеше тілді қалай меңгерді? — Арслан Урташев
Біз 2021 жылдың соңында Алисаның жаңа тілдерді меңгеруін қолға алуға бел будық. Болған қиындықтар, архитектураны өзгерту қажеттілігі, әзірлеу тәсілдемесі және қайта ойлап шығаруды қажет еткен технологиялық шешімдер жайлы баяндап береміз.
19:25
Технологии Яндекс Браузера: перевод и суммаризация видео — Сергей Корбан
19:45
Үзіліс
20:10
Жергілікті өндірістің негізін қалай қаладық — Александр Куттуков
red_mad_robot Central Asia-ның жоба жұмыскерлерінің 95%-ын Орталық Азиядан шыққан адамдар құрайтын жергілікті өндірісті қалай құрғаны жайлы айтып береді.
20:25
Яндекс Афишаны Қазақстанда қалай іске қостық — Анна Динельт
Өнімді жаңа нарыққа шығару барысында туындаған қиындықтар, Қазақстан және Ресей аудиториялары арасындағы айырмашылықтар және қандай қателіктердің алдын алуға болатыны туралы әңгімелейді.
20:45
Идеядан шетелдік акселераторға дейін: салалық білімі және тәжірибесі жоқ стартаптардың сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін қарастыру — Яна Тен
Әзірлеуші немесе саланың сарапшысы болмай тұрып стартапты қалай құруға болатыны, кофаундерді табу, жас жобалармен шетелдік акселераторларға өту, фреймворктардың кей кезде жұмыс істемеу себептері және әйел-фаундер қандай қиындықтарға тап болатыны туралы баяндайды.
21:00
Сұхбаттасып, коктейльдердің дәмін татамыз
21:15
Codebattle
Спикерлер
Танысайық!
Данияр Танаев (жүргізуші)
Александр Куттуков
red_mad_robot Central Asia-да CTO
Анна Динельт
Яндекс Афишада өнім жетекшісі
Яна Тен
ZebraEye медтех стартапын құрушылардың бірі
Спикерлер
Танысайық!
Салтанат Болатбекова
Яндекс Іздеу, продакт-менеджер
20.10
YANDEX PARTY LIGHT
20.10 в 17:00 UTC+6
Инженерлер мен продактарға
арналған бейресми кездесу
Алматы
20.10
YANDEX PARTY LIGHT
Hazbin, Алматы
20.10 в 17:00 UTC+6
Инженерлер мен продактарға
арналған бейресми кездесу
undefined
20.10
YANDEX PARTY LIGHT
Hazbin, Алматы
20.10 в 17:00 UTC+6
Инженерлер мен продактарға
арналған бейресми кездесу
undefined
20.10
YANDEX PARTY LIGHT
Hazbin, Алматы
20.10 в 17:00 UTC+6
Инженерлер мен продактарға
арналған бейресми кездесу
undefined
Яндекстің әлеуметтік желілердегі байланыс мәліметтері
© 2023 ООО «ЯНДЕКС»
Салтанат Болатбекова
Яндекс Іздеу, продакт-менеджер
Бәрі, қазақша және бірден: қазақ тіліндегі жылдам жауаптарды іске қосу туралы
Салтанат project және product менеджментпен 6 жыл айналысып келеді. Қазақстандағы объектілі және жылдам жауаптармен жұмыс істейді: қолданушы ақпаратты сайтқа кірмей-ақ алуын қамтамасыз етеді. Бұған дейін Chocolife өнімдерімен жұмыс жасап, Chocodostavka атты B2B жеткізу қызметін іске қосқан болатын.
Баяндамасында жылдам жауаптармен таныстырып, оларың қалай жұмыс істейтіні, елдегі білім беруге қалай әсер ететіні және технологияны қазақ тілінде іске қосу барысында туындаған қиындықтар туралы айтып береді.
Арслан Урташев
Яндекс Алисаның CTO
Алиса бірнеше тілді қалай меңгерді?
Яндексте 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Жарнама және Іздеу сияықты ауыр жүктелген жүйелерге арналған код жазатын. Іздеуде лид болып, 2019 жылы Алиса инфрақұрылымын басқара бастады. Қазір — 230 адамнан тұратын команданың CTO. Жұмыстан тыс уақытта спорттық программалаумен айналысады: 2016 жылы ACM ICPC финалына жеткен болатын.
Біз 2021 жылдың соңында Алиса жаңа тілдерді меңгеруін қолға алуға бел будық. Болған қиындықтар, архитектураны өзгерту қажеттілігі, әзірлеу тәсілдемесі және қайта ойлап шығаруды қажет еткен технологиялық шешімдер жайлы баяндап береміз.
Данияр Танаев
Яндекс, Орталық Азиядағы коммерциялық департаменттің басшысы
Диджитал-маркетинг саласында 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Бұған дейін түрлі индустриялардан келген ірі клиенттерді дамытумен айналысты: жылжымайтын мүлік, банктер мен қаржы ұйымдары, автокөлік және e-commerce.
Қазіргі уақытта Орталық Азиядағы коммерциялық департаменттің басшысы, бизнесті дамыту және нарыққа жаңа өнім шығару бағыттары бойынша мол тәжірибесі бар.
Анна Динельт
Яндекс Афишада өнім жетекшісі
Яндекс Афишаны Қазақстанда қалай іске қостық
Яндекс Медиа-қызметтері аясында клиенттерді қолдау бағытын құрумен айналысты. Жас менеджерлер мен басшылардың тәлімгері, жобаны және өнімді басқару саласының сарапшысы.
Өнімді жаңа нарыққа шығару барысында туындаған қиындықтар, Қазақстан және Ресей аудиториялары арасындағы айырмашылықтар және қандай қателіктердің алдын алуға болатыны туралы әңгімелейді.
Александр Куттуков
Red_mad_robot Central Asia-да CTO
Жергілікті өндірістің негізін қалай қаладық
Red_mad_robot Central Asia-да CTO, IT саласында 15 жылдық тәжірибесі бар. 70+ әзірлеушіден тұратын команда жинап, 1 жылдың ішінде Орталық Азияда 7-ден астам жобаны іске қосты. abr-дың IT бөлімін құрып, abr+ және abr courier қосымшаларын жасап шығарды. Бұған дейін Альфа-Банкте, Каспи және АТФ-те қызмет етті.
Red_mad_robot Central Asia-ның жоба жұмыскерлерінің 95%-ын Орталық Азиядан шыққан адамдар құрайтын жергілікті өндірісті қалай құрғаны жайлы айтып береді.
Яна Тен
ZebraEye медтех стартапын құрушылардың бірі
Идеядан бастап шетелдік акселераторға дейін: ZebraEye мысалында салалық білімі және тәжірибесі жоқ стартаптар кезігетін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер
Индонезия, Ұлыбритания және БАӘ IT стартаптарының стратегиясын құрумен айналысты. Екі венчурлық қорда жұмыс істеді.
Әзірлеуші немесе саланың сарапшысы болмай тұрып стартапты қалай құруға болатыны, кофаундерді табу, жас жобалармен шетелдік акселераторларға өту, фреймворктардың кей кезде жұмыс істемеу себептері және әйел-фаундер қандай қиындықтарға тап болатыны туралы баяндайды.
Витя Сикора
Яндекс, Қазақстандағы Іздеу өнімінің директоры
Компанияда сегіз жыл бойы қызмет етіп келеді, бірнеше бизнес тобында жұмыс істеп, ондаған жобаны іске қосты: инфрақұрылым, контент бекофисі, логистика, білім беретін өнімдер, іздеу технологиялары және т.б.